СҚО-да бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – СҚО-да бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Петропавл қаласында күндіз 19 ақпанда жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады. Кей уақытта бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage