СҚО-да бұрқасын тұрып, тұман түседі

Күні: 17:40, 08-11-2018.

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын тұрып, тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Петропавл қ: түнде 9 қарашада солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тұман болады», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: