СҚО-да бейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында бейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 12 желтоқсанда тұман күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
.

adimage