СҚО-да дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады

Күні: 17:20, 25-02-2019.

Петропавл. 25 ақпан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) медициналық ұйымдарында дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады, деп мәлім етті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.
«Бүгінде облыста 1434 дәрігер мен 5102 орта медициналық қызметкер жұмыс жасап жатыр. Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі 228 маманды құрап отыр, соның ішінде 76-сы ауылдық жерлерде. Оның ішінде барынша сұранысқа иелері терапевтер (28 дәіргер), жалпы тәжірибедегі дәрігерлер (27), фтизиатрлар (31), анестезиолог-реаниматологтар (15), акушер -гинекологтар (14), дәрігер-лобаранттар, хирургтар», - деді ол дүйсенбіде облыстық әкімдік отырысында.
Оның айтуынша, 2018 жылы СҚО-ға 58 жас маман келді, оның ішінде 31-і ауылда, алайда кадрлық мәселе барынша өзекті болып қала бермек, себеп - жас мамандардың пәтермен қамтылмауы және әлеуметтік жағдайдың төмен болуы.
Бұл ретте кадр тапшылығы, Т.Сұлтанғазиев атап өткендей, халыққа медкөмек көрсету сапасына кері әсер етуде, және дәрігерлер жүктемесі артуда.
«Жүктеме нормативі бойынша – бір педиатрға 900 адам – біз биыл осы көрсеткішке қол жеткізуіміз керек. Алайда бұл санға тез қол жеткізу қиын, мәселе оқу бітіретін педиатр түлектердің санында болып тұр. Өздеріңіз білесіздер, бірнеше жыл бұрын денсаулық сақтау министрлігі медициналық ЖОО-ларда педиатрия факультеттерінің жабылуы туралы шешім қабылдады. Тек былтырдан бері ғана педиатрларды оқытуды жандандырды. Енді студенттер оқуын бітіргенге дейін белгілі бір уақыт керек», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: