СҚО-да екі электр тоғымен және жылумен жабдықтайтын компанияға Т2,6 млн айыппұл салынды

Күні: 13:34, 09-11-2018.

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан  облысында электр тоғы мен жылу тарифтері арзанlады, деп хабарлады өңір прокуратарысының сайтынан.  
«СҚО прокуратурасы монополия субъектілері мен қоғамдық маңызды нарық тарапынан жылу мен электр тоғы тарифтерін өсіру дерегін анықтады.  
Атап айтсақ, «Севказэнергосбыт» ЖШС жеке кәсіпкерлерге тұтынған электр тоғы үшін артық баға бойынша шот-квитанция бергені анықталды», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Кәсіпорын тарифті Т19,41-ден Т15.51-ге төмендету арқылы тұтынушыларға Т40 млн. көлемінде шығын орнын толтырды.  Тарифтік сметаларда осыған ұқсас шығындарды көбейту деректері «Петропавл  жылу желілері» ЖШС мен «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ тарапынан да орын алған.  
Тексеріс нәтижесі бойынша көрсетілген электр тоғын беруші мекемелер жылу мен электр тоғы тарифтеріне өзгеріс енгізген, ол 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 жылдың соңына дейін күшінде болады (жылу 2019 жылдың 31 қазанына дейін, электр энергиясы 2020 жылдың 31 желтоқсанынан дейін).  
Сонымен, «Севказэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясы  ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап  1 Гкал үшін Т23-ке және электр энергиясын 1 кВт/сағ үшін Т0,12-ге  төмендетті.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС және «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ табиғи монополия саласындағы бұзушылықтары үшін Т2,6 млн сома көлемінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: