СҚО-да газ баллонының жарылуынан ер адам мерт болды

Күні: 10:14, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында газ баллоны жарылды, бір ер адам мерт болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«24 ақпанда сағат 21.00-де өртке қарсы қызмет тетігіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкене көл ауылындағы екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Газ баллоны редукторының ақауынан газ-ауа қоспасы атылып, оның арты өртке ұласқан. Өрт салдарынан 12 ш.м. алаңдағы жиһаз отқа оранған», - деп хабарлады дүйсенбіде Нұрахметов.
Оның ақпарынша, өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 21.37-де ауыздықталып, 21.56-да толық сөндірілді.
«Өрт салдарынан күйіп қалған 1964 жылы туылған ер адам жедел-жәрдем көлігінің каретасында көз жұмды. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамдағы 5 адамы мен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ТЖК төрағасы.


Жаңалықтармен бөлісу: