СҚО-да карантин күшейтілуі мүмкін

Петропавл. 27 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтілуі мүмкін, деп мәлімдеді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
«Әлеуметтік қашықтық пен маска тәртібін сақтаңыздар, жеке гигиена туралы ұмытпаңыздар. Жағдай ушығатын болса, біз карантин режимін күшейтетін боламыз. Ешкім де олай болғанын қаламайды, сондықтан азаматтардың саналы болатынына үміттенеміз», - деп келтірді сәрсенбі күні coronavirus2020.kz Telegram-каналы Ақсақаловтың сөзін.
Оның ақпарынша, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірге адамдар көптеп жиналатын нысандарды тексеретін болады.
«Соңғы екі аптада шамамен 2 мың нысан тексерілген. Нәтижесі: 227 бұзушылық анықталған», - деп атап өтті Ақсақалов.

adimage