Петропавл. 2 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың бес ошағы карантинге жабылды, соның ішінде төртеуі – Петропавлда, деп хабарлады ҚазТАГ.
«1 сәуір 23.00-дегі жағдай бойынша СҚО аумағында коронавирустық инфекцияның бес ошағы бар: Тайыншы ауданы Келлеровка ауылы, Петропавлдағы төрт үй: Назарбаев даңғылы, 270; Парковая көшесі, 121; Хименко көшесі, 1; Карим Сутюшев көшесі, 17», - деді сәрсенбіде денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Ведомствода 1 сәуірде анықталған коронавирусты жұқтырудың екі жағдайы туралы айтты.
«Олар Петропавлдың 1971 және 1975 жылы туған тұрғындары. Оларың екеуі де бұған дейін Петропавлда анықталған (үшінші) науқаспен бірге болғандар. Олар үй карантинінде болған. Сынамалары анықталғаннан кейін, алгоритмге сәйкес, олар провизорлық стационарға жеткізілді», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлауқызы.
Оның айтуынша, науқастардың денсаулығы қалыпты, науқастар шыққан үйлерге дезинфекциялық жұмыстары жүргізіліп, олармен байланыста болғандар анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 402 жағдайы тіркеліп, 26-сы жазылып, үш адам көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34