СҚО-да Ресей мен АҚШ-тан әкелінетін құс етінен сальмонелла табылды

Петропавл. 23 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері Ресей мен АҚШ-тан әкелінетін құс еттерінен сальмонелла тапты, деп хабарлады СҚО қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті департаментінің  (ҚДҚКД) баспасөз қызметінен.  
«Чебаркульская птица» бройлер-балапаны өнімінен және АҚШ-тан келетін тауық санынан сальмонелла табылған», - деп хабарлады дүйсенбіде ҚДҚКД баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, Сальмонелла Ресейден «МПК» атауымен келетін тауық етінен де табылды. Сонымен қатар «CAPITAL  PROJECTS LTD» ЖШС өндіретін «Курочка ряба» бройлерінен де табылған.
Сонымен қатар, өнімді бұрмалау фактілері  тіркеліп отыр.  
«Сүт өнімдерінен алынған 100 сынаманың 6 пайызы талапқа сәйкес келмеген. Бұл Lactalis International және «President» майы және «Шадринское» сүтіне қатысты. Ресейден келетін құс еттерінен алынған 41 сынаманың үшеуінен маркировкада ескертілмеген шошқа ДНҚ-сы (Дезоксирибонуклеин қышқылы) табылған», - дейді техникалық регламенттерді қадағалау бөлімінің басшысы Самат Қазанбаев

adimage