СҚО-да ресейлік жүк көлігінен Румыниядан әкеле жатқан шамамен 70 текше контрабандалық темекі табылды

Күні: 12:00, 29-05-2019.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – СҚО-да ресейлік жүк көлігінен Румыниядан әкеле жатқан шамамен 70 текше контрабандалық темекі табылды, деп хабарлады ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Кеше түнде Петропавл шекара жасағының «Қарақоға авто» көлік бекетінен 1971 жылы туылған РФ азаматы ұсталды, ол ҚР-дан РФ-ға Volvo көлігімен бара жатқан, жөнелтпе құжаттарында көрсетілгендей көлігінде салмағы 6100 кг болатын Karwool плита-лайт бар деп көрсетілген. Шекара жасағы арнайы құралды қолдана отырып, сырттай анықтап қарау арқылы Румынияда шығарылған Zumerret, Dubao (көк) темекілерін байқаған, олардың акциздік маркасы болмаған, көлемі шамамен 70 текше», - деп хабарлады сәрсенбіде ҰҚК ШҚ.
Шекарашылар нақтылағандай, контрабандалық жүк экономикалық тергеудің өңірлік департаметіне берілді.


Жаңалықтармен бөлісу: