СҚО-да құрылыс материалдары дүкені мен қоймасы өртенді

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдары дүкені мен қоймасы өртенді, деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«25 сәуірде сағат 22.47-де өрт сөндіру қызметінің тетігіне Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ат. ауданның Булаеводағы құрылыс материалдары қоймасына жапсарлас салынған «Близнецы» дүкенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өрт дүкеннің 70 ш.м. алаңында шығып, құрылыс материалдары қоймасына ауысқан, оның 430 ш.м. шарпыған. Өрт алаңының жалпы көлемі 500 ш.м. болған», - деді Нұрахметов жұмада.
Ол атап өткендей, өрт сөндіру барысында оттегі баллондарының 4 жарылысы орын алған.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау 01.24-те ауыздықталып, 02.22-де сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт себебі анықталуда. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамдағы 20 адамы мен 5 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

adimage