СҚО-да сандәрігерлер 269 адамды құс тұмауы бойынша байланыста болғандар деп тапты

Күні: 19:03, 18-09-2020.

Петропавл. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында сандәрігерлер 269 адамды құс тұмауы бойынша байланыста болғандар деп тапты, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Солтүстік Қазақстан облысында сандәрігерлер 269 адамды құс тұмауы бойынша байланыста болғандар деп анықтады. Олар - ауру құстарды қараған, немесе қырылға құстарды жинау және жою жөніндегі зооветжасағы құрамында жұмыс жасағандар», - деп хабарлады жұма күні СҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.
Ол атап өткендей, адамдар ауру құстан ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ вирус адамнан адамға жұқпайды.
«Құс тұмауы адамдарда кез келген тұмауға ұқсас вирусты респираторлы инфекция тәрізді жүреді: көзден жас ағу, мұрын бітелу, жөтел және т.б. Емделген жағдайда үш-төрт күнде жазылуға болады», - деді Горлова.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА СҚО Тимирязев ауданындағы Тимирязев, Элеваторный, Ғ.Мүсірепов ат. ауданда Чернобаевка, Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы мен Сухорабовка ауылдарында үй құстарының қырылу дерегі тіркелген. 17 қыркүйекте белгілі болғандай, құс тұмауынан зардап шеккен құстардың саны жетіге жеткен. Қазақстан бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Сонымен қатар, белгілі болғаны шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай отырған көрінеді. Ауыл шаруашылықмині СҚО-дағы қырылған құстар үшін өтемақы төлеуге уәде етті.
Бұған дейін Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде құс тұмауы тіркелген еді. Соның салдарынан тамыздың басында қазақстандық билік РФ-мен шекараға шектеу енгізді.


Жаңалықтармен бөлісу: