Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«03 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 03 тамызда түнде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
СҚО-да сенбі күні бұршақ жауады
