СҚО-да сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 16 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage