СҚО-да Сергеевский су қоймасында су деңгейінің көтерілуі байқалады

Күні: 19:20, 04-04-2019.

Петропавл. 4 сәуір. ҚазТАГ – Сергеевский су қоймасындағы бөгеттің ернеуінен судың асуы 16 см құрайды, бұл былтырғы кестеден 2 апта бұрын басталып тұр, деп мәлім етті СҚО Шал ақын ауданының әкімі Нұрлан Есімов.
«Кешеден бері (3 сәуір-ҚазТАГ) Сергевский су қоймасы бөгетінен судың асып кетуі басталды. Бүгінгі таңда бөгет арқылы судың арнасынан асуы 16 см құрап отыр. Былтыр су қоймасынан судың тасуы 14 сәуірде басталған еді», - деп жазды ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Есімовтың ақпарынша, аудандағы су тасқыны жағдайы 4 сәуірдегі жағдай бойынша қалыпты
«3 сәуірде 2,7 мм жауын-шашын түсті, 4 сәуір күні 12.00-ге таман 1,7 мм жауын-шашын түсті. «Есіл су» РМК мамандарының ақпарынша, су қоймасындағы (Ұзынжар ауылында) су деңгейі 28 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін 67 см көтерілген. Бөгеттің ернеуінен судың асуы өзінің ең жоғары деңгейіне, біздің ойымызша, жауын-шашын мен Ешім өзенінен судың келуіне байланысты 5-7 күнде жетеді деп ойлаймыз», - деді аудан әкімі.


Жаңалықтармен бөлісу: