СҚО-да үш жасар қызымен әйелді өлтіріп кетті

Күні: 14:48, 09-08-2019.

Петропавл. 9 тамыз. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында үш жасар қызымен әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка аудан орталығында үйдің ауласындағы шаруашылық жайда пышақ жарақаты бар 39 жасар әйел мен оның үш жасар қызының денесі табылды», - деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, қылмысты жасаған деген күдікпен марқұмның 25 жасар танысы ұсталған.
«Адам өлімі дерегі бойынша ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ұсталған – Мамлютка ауданының бұрын сотты болған тұрғыны, ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - деді ПД-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: