Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Солтүстік Қазақстан облысында, қала маңындағы елді мекенде «спайс» деп аталатын синтетикалық препараттар шығарылатын және сатуға дайындалған зертхана анықталды. Синтетикалық есірткі өндірісін жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. Ол есірткі затының концентратын сатып алған, шөптермен араластырып оны дайындаған, доза бойынша жинақтаған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Күдіктінің пәтерін тінту кезінде «спайсты» өндіруге арналған негізгі белсенді компоненті – концентраты этил спирті табылды және тәркіленді, соңғы дәрілік затты дайындау үшін контейнер ретінде қолданылатын полимерлі бес литрлік бөтелкелер және синтетикалық каннабиноид табылды.
«Сонымен қатар электронды таразы, 900 мың теңге көлеміндегі ақша табылды. Жедел қызметкерлер қағазға орап жинақтаған «спайстың» бір реттік 450 дозасын тәркіледі», - делінген хабарда.
Тінту кезінде ұсталған азамат жеке пайдалануға арналған есірткіні дайындап, жинақтаған, сонымен қатар есірткінің көп мөлшерін күн сайын 13-15 дозадан «спайсты» қолданатындығын сылтау етпек болды. Алайда, жедел қызметкерлер есірткі зертханасын ұйымдастырушының қылмыстық жолмен алған тауарларын өз ауылында және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына сатқандығын анықтады.
«Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айып тағылды», - деді ІІМ.
Қатысты сілтемелер
-
Жетісуда мәдени-демалыс жұмысын қолдауға Т14,5 млрд сұрауда
11 Қазан 2024, 16:22 -
Шымкентте теміржол өтпесін салуға Т6,7 млрд жұмсамақ
11 Қазан 2024, 14:46 -
Жамбыл облысында есіркінің ірі партиясымен екі ер адамды ұсталды
11 Қазан 2024, 12:55 -
Үкімет 2025 жылдың соңына қарай еліміздегі әуе кемелердің санын 120-ға жеткізбек
11 Қазан 2024, 12:51