СҚО-да су шайып кетуі салдарынан Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының бөлігі жабық

Күні: 15:01, 03-04-2019.

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында су шайып кетуі салдарынан Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының бөлігі жабық, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік Қазақстан облысында су шайып кетуі салдарынан республикалық маңыздағы Екатеринбург-Алматы тас жолының 795-856 шақырымы жабылды», - деп хабарлады сәрсенбідегі брифингте ТЖК басшысының бірінші орынбасары Марат Күлдіков.
Ол нақтылағандай, автокөлік қозғалысы Рузаевка ауылы арқылы жүзеге асырылып жатыр.
«15 наурыз бен 3 сәуір аралығында республика бойынша көлік жолдарының 17 бөлігін су шайып кеткен (Қарағандыда – 13, Ақмолада – 2, Павлодар облысында – 1, СҚО-да -1)», - деді Күлдіков.


Жаңалықтармен бөлісу: