СҚО-да төрт жүкті әйел қызылша жұқтырды

Петропавл. 3 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында төрт жүкті әйел қызылша жұқтырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Солтүстік Қазақстан облысында төрт жүкті әйел қызылша жұқтырды. Олардың бірінің жағдайы пневмония салдарынан өте ауыр. Ол Астана ауруханасына санавиациямен жеткізілген. Жүкті әйелдің өмірін құтқарып қалды, дегенмен дәрігерлер жүктілікті тоқтату мәселесін қарайтын болады», - деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің (ҚДҚД) ақпарынша, 2 сәуірде қызылша 208 адамда расталған, оның ішінде 105-і ересек болса, 103-і бала.
«Ағымдағы аптада СҚО-да қызылшаның 12 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде төрт ересек адам мен 14 жасқа дейінгі сегіз бала бар (алты баланың жасы бірге де толмаған)», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
ҚДҚД-де мәлімдегендей, облыста бірнеше ай бойы қажетті эпидемияға қарсы шаралар кешені жүргізілуде, штаб құрылды, медициналық қызметкерлермен семинар өткізілді, демалыс күндері емханалар мен аумақтық басқармалардың жұмыстары ұйымдастырылған. 8-800-08-08-103 телефоны бойынша call-центр жұмыс жасайды, ол жерде жұқпалы ауру дәрігерлері, эпидемиологтар кеңес береді.
«21 наурызда облыстық екпе қоймасына ККП екпесінің 10 мың данасы түсті.1 сәуірде екпені медициналық мекемелер алды, 2 сәуірден бастап 9-10 айлық балалардан бастап, медициналық қызметкерлерге де екпе салу басталды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Облденсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, облыста 53 мыңнан астам адамға қызылшаға қарсы қосымша екпе салу керек.

adimage