СҚО-да қызыл кітапқа енген аққуларды заңсыз аулаған күдіктілер ұсталды

Петропавл. 14 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысынд қызыл кітапқа енген аққуларды заңсыз аулаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады СҚО полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Заңсыз аңшылық жасаған деген күдікпен Қостанай облысының бес тұрғыны ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы Т3 млн. асады. Аталмыш дерек ҚР ҚК 337 б. (заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі біріңғай тізілімге енгізілген», - деп хабарлады СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Полицияда нақтылағандай, Ғабит Мүсірепов ат. ауданда орманшы полицияға хабарласып, Ломоносов ауылдық округінде мылтықтың даусы естілгені туралы хабарлаған.
«Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен орманшылар барлығы бірге рейдтік шара жүргізген. Биесойған көлінің жағалауында Nissan Patrol көлігі табылған, ал суда адамдары бар қайық жүрген. Қайықтың жайпақ түбінің арқасында олар қамыстарға жасырынған, ал моторлы қайық ол жерге бара алмайды», - деді ПД-нен.
Полицияда атап өткендей, табиғатты қорғаушылар шығатын жолдарды жауып, күдіктілерді қоршауға алған.
«Күдіктілердің шыдамы кешке дейін ғана жетті. Кеш түсе олар «тығылған жерлерінен» шығып, браконерлікке еш қатысы жоқтарын айта бастаған. Бұл уақытта полицейлер судан атылған құстарды жинап болған еді: 8 қаз бен 2 қызыл кітапқа енген қиқылдақ аққу. Сонымен қатар оқиға орнынан автомобиль, ағаш қайық, екі мылтық ( МР-155, ИЖ-43) 12 калибр, оның оқ-дәрілері тәркіленді», - деді СҚО ПД-нен.
Табиғатты қорғаушы полицейлер еске салғандай, 16 ақпаннан 14 маусымға дейін ҚР аумағында суда жүзетін құстарға толық тыйым салынған.

adimage