СҚО-да қызылшаға қарсы екпе әкелінді

Петропавл. 7 ақпан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға қарсы екпе әкелінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«СҚО денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, Батыс Қазақстан облысынан қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы 1500 дана екпе әкелінді. Екпе барлық орталық аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға Қазақстан Республикасының ұлттық екпе салу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе салу үшін және 1 жастан 30 жасқа дейінгі екпе салынбаған адамдарды жедел егу үшін таратылды», - делінген сәрсенбідегі СҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің (ҚДСД) баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін өңірде қызылшаға қарсы екпенің жоғы хабарланған еді. Сол уақыт аралығында облыста осы аурудың расталған диагнозы бар науқастар саны көбейген.
Салалық ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жыл басынан бері СҚО-да қызылша болуы мүмкін деген 56 адам, қызылша ауруы расталған 31 адам тіркелген.

adimage