Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында жұма және сенбі күндері желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 28, тәулік бойы 29 қыркүйекте (2018 ж. 09 сағ. 28 қыркүйектен 21 сағ. 29 қыркүйек аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 28, тәулік бойы 29 қыркүйекте батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
СҚО-да жұма мен сенбіде жел күшейеді деп күтілуде
