СҚО-да жүздеген медмекеме рұқсат құжатынсыз жұмыс жасап жатыр

Күні: 17:21, 08-04-2019.

Петропавл. 8 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында жүздеген медмекеме рұқсат құжатынсыз жұмыс жасап жатыр, деп хабарлады СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов.
«Медмекемелердің рұқсат құжатынсыз жұмыс жасаулары өзекті мәселе болып қалып отыр. Денсаулық сақтау жүйесіндегі 242 нысанның санитарлық-эпидемиологиялық құжаты жоқ, 389 нысанның қызмет түрі бойынша лицензия қосымшасы жоқ», - деп атап өтті Қасмақасов дүйсенбідегі әкімдік отырысында.
Оның айтуынша, бұл дерекке ҚР-да медсақтандырудың енгізілуіне орай ерекше назар аудару қажет.
«6 ай бойына біз денсаулық сақтау басқармасына, аудан әкімдеріне хат жаздық. Осы нысандардың заңды түрде қайда тиесілі екенін қалпына келтіру керек», - деді Қасмақасов.


Жаңалықтармен бөлісу: