Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының келісімімен ҚР бас прокурорының бұйрығымен ағымдағы жылдың 20 мамырында СҚО прокуроры болып 3 класты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бағбан Таймбетов тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
56 жасар Таймбетов прокураутра органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған: Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматыда прокурор орынбасары, сондай-ақ, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында прокурор қызметтерін атқарған.
СҚО-да жаңа прокурор тағайындалды
