СҚО –да жаңарту жұмыстарынан кейін құны Т5 млрд тұратын ет комбинаты іске қосылды

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – СҚО –да жаңарту жұмыстарынан кейін құны Т5 млрд тұратын ет комбинаты іске қосылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Орталық Азияда аталмыш кәсіпорынның баламасы жоқ. Инвестиция көлемі – Т5 млрд. Ет комбинатында 74 жаңа жұмыс орны құрылған, болашақта 100 адамға дейін жеткіземіз», - деді сейсенбі күні кәсіпорынның ашылу салтанатында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Облыстық әкімдікте нақтылағандай, ет комбинаты неміс технологиясымен салынған.
«Нысанды іске қосу етті тереңінен өңдеуге және экспортқа бағытталған өнімді алуға мүмкіндік береді. Шикізат бойынша ет комбинатының қуаты - жылына 5 мың тонна ет және 3 мың тонна дайын өнім. Бұл шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар. Дайын өнім экспортқа шығарылады», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, атап өтілгендей, жаңарту жұмыстарынан кейін 50 мың басқа арналған үлкен шошқа кешенінің жұмысы жанданған, ол жерде 92 адам жұмыс жасайды.
«Жақын арада осыған ұқсас шошқа кешенінің құрылысы басталады. Осылайша, шошқа басын 100 мыңға жеткіземіз. Бұл еліміздегі ірі фермалардың бірі болады», - деп мәлімдеді Ақсақалов.

adimage