Петропавл. 20 маусым. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында жалақыны көтермей келе жатқан кәсіпорындарға айыппұл салынуда, деп мәлімдеді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
«Жосықсыз жұмыс жасап келе жатқан ауыл шаруашылығындағы бірнеше кәсіпорын тексерілді. Т50 млн астам айыппұл есептелді», - деді Ақсақалов бейсенбіде әкімдіктегі отырыста.
Ол еске салғандай, әкімдік отырысында 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жалақыны көтеру мәселесін жіті назарда ұстау туралы шешім қабылданған.
«Біз көріп отырғандай, көбі әлі (кірістерінің артқанын –ҚазТАГ) жасырып отыр. Енді кәсіпкер : «Мен қателесіппін, дұрыс жасамаппын» дейді. Ал айыппұл болса салынды, мүлкі тәркіленді, кәсіпорын банкрот алдында», - деді әкім.
Өңір басшысы ары қарай да осындай жұмыстар жасауды тапсырды.
«Мен мемкіріс департаменті басшылығынан, экономикалық тексеру қызметінен топ құруды тапсырдым, қарайтын боламыз: егер жұмыс көлемі болса, бірақ жалақы көтерілмесе, салық көтерілмесе - демек ол кәсіпорын дұрыс жұмыс жасамайды. Оның барлығын тіпті құжаттарын тексермей-ақ сол жерде тексеріп анықтауға болады», - деп түсіндірді әкім.
Ол нақтылағандай, бүгінгі таңдағы басты міндет – жалақыны көтеру.
«Бұл міндеттің орындалуын алдағы жылы қамтамасыз етуіміз керек. Сол кезде біздің азаматтарымыздың жағдайында да айтарлықтай өзгеріс болады», - деді Ақсақалов.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08