СҚО Екатеринбург–Алматы автожолындағы Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірінің ашылу уақыты белгілі болды

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы Екатеринбург–Алматы автожолындағы Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірінің ашылу уақыты белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.
«Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірі толығымен жаңартылуда. Жобаның бас мердігері «Казахдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. (…) Күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүруде. Жаңа автомобиль көпірі 2019 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарланған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компанияда нақтыланғандай, күрделі жөндеу жұмыстары аясында жолшылар көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстыру, тіректерді қалпына келтірулері қажет.
«Мамандар аралық тіректерді орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Тегістейтін қабатты орнату жұмыстары орындалды, төменгі торды байлау жұмыстары басталды. Көпір жұмысына 19 бірлік құрылыс-техникасы жұмылдырылып, 41 адам жұмыс істеуде», - делінген хабарда.

adimage