СҚО мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарына Т408,5 млрд жұмсамақ

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарына Т408,5 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл -76 140 289,3; 2024 жыл - 83 289 210,1; 2025 жыл - 82 570 572; 2026 жыл - 83 066 543; 2027 жыл - 83 443 731», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т408 510 345 400.

«Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы - жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектептерді, мектеп жанындағы интернаттарды және шағын орталықтарды ұстауға, жалақы төлеуге, мектептердің МТБ-ін (материалдық-техникалық базасын – ҚазТАГ) нығайтуға арналған шығыстар», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: ҚР Сыртқы істер министірлігі


adimage