Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Сонымен, 26 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
«Түнде кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 26-27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
«26 сәуірде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с. 27 сәуірде түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. 26-27 сәуірде ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді», - делінген хабарда.
Петропавл қ: 26-27 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. 27 сәуірде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
СҚО мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды
