СҚО мен ШҚО-да сейсенбі мен сәрсенбіде түнде үсік жүреді деп күтілуде

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында сейсенбі және сәрсенбі күндері түнде үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«18 қыркүйек күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік болады. Ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбідегі дауылды ескертуде.
«Сондай-ақ 17 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүретіні күтіледі», - делінген хабарда.


adimage