Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – СҚО жылумен жабдықтау компаниясы тарифін төмендетті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК сайтынан.
«Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ бұйрығымен бекітілген ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесіне сәйкес «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның 2018 жылғы 1 қарашадан бастап жылумен жабдықтау қызметіне тарифтер 4111,76 теңге/Гкал-дан 4088,53 теңге\Гкал дейін ҚҚС-сыз төмендетілді. Тұрғындар тобына жатқызылған жеке тұлғалар үшін тарифтер 3185,84 теңге/Гкал-дан 3150,37 теңге\Гкал дейін ҚҚС-сыз төмендетілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Жылу энергиясының есепке алу құралдары жоқ (ЕҚ) аталған топ тұтынушылары үшін тариф 3823,0 теңге/Гкал-дан 3780,44 теңге\Гкал дейін ҚҚС-сыз, ЕҚ бар аталған топ тұтынушылары үшін тариф 3068,46 теңге\Гкал-дан 3034,30 теңге\Гкал дейін ҚҚС-сыз төмендетілді.
СҚО жылумен қамту компаниясы қызмет тарифтерін төмендетті
