Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Солтүстік Қазақстан облысында 6 шілдеде басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 6 шілдеде жаңбыр, түнде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген сейсенбі күні дауылды ескертуде.
Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
«Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертеді синоптиктер.
Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Абай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: түнде және таңертең 06 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 06 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында күн күркіреп, таулы аймақтарда бұрқасын, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр.
Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ: 06 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ: 06 шілдеде найзағай күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34