Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік-батыс циклонның ықпалымен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Тек шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. ҚР бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +26+28.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +20+22, күндіз +34+36 дейін ыстық болады.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел тұрады. күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +36+38, түнде +21+23.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Жетісуда, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында аптап ыстық күтіледі.
«Атырау облысында, Абай облысында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісуда, Қарағандының шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстанның орталығында, Маңғыстаудың батысында, Алматы облысының ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі», - делінген хабарда.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан Алматы, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысы мен Жетісуда, Ақтөбенің оңтүстігінде, Атыраудың оңтүстік-батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысында күндіз +23+28, түнде +12+17.
Ұлытау облысында күндіз +26+31, түнде +15+20.
Қарағанды облысында күндіз +25+30 (оңтүстігінде +34), түнде +15+20 (оңтүстігінде +23).
Батыс Қазақстан облысында күндіз +19+24 (оңтүстігінде +27), түнде +12+17 (оңтүстігінде +20).
Атырау облысында күндіз +52+30, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +18+23.
Ақтөбе облысында күндіз +19+24 (оңтүстігінде +29), түнде +10+15 (батысында +18).
Қостанай облысында күндіз +18+23 (оңтүстігінде +28), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +20+25, түнде +12+17.
Павлодар облысында күндіз +26+31, түнде +15+20.
Абай облысында күндіз +30+35 (оңтүстігінде +38), түнде +15+20.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +30+35 (шығысында +22+27), түнде +15+20 (шығысында +10).
Қызылорда облысында күндіз +31+36, түнде +20+25 (солтүстігінде +17).
Түркістан облысында күндіз +33+38 (батысында +41), түнде +21+26.
Жамбыл облысында күндіз +33+38, түнде +22+27
.
Алматы облысында күндіз +33+38, түнде +18+23
Жетісу облысында күндіз +32+37, түнде +17+22.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17