Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Қанат Сәрсембаев ҚР БҒМ жауапты хатшысы Өрсариевтің орнына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Арын Амангелдіұлы Өрсариев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - делінген сенбідегі Ақорда хабарында.
ҚР БҒМ жауапты хатшысы қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Сәрсембаевты тағайындады.
«Сәрсембаев Қанат Маратұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», - делінген өкімде.
Еске салсақ, Арын Өрсариев ҚР БҒМ жауапты хатшысы болып 2017 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.
Қанат Сәрсембаев 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарып келді.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32