Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

    Астана.7 маусым.ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл болжанды", – делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз 36-38 градус ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 07-09 маусымда облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шымкентте жауын- шашынсыз. Түнде +20+22, күндіз +37+39.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. 07 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық.
Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.

adimage