Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:09, 31-10-2018.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі,  тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан   9-14 м/с жел тұрады, күндіз -1-3. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады,  2-7 м/с жел тұрады, +11+13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, төменнен сырма соғады, тұман, көктайғақ,   15-20 м/с жел тұрады, -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын,  -1-6.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ сақталады, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады,   0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, түнде жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады, түнде көктайғақ,  0-5.
Қостанай облысының басым бөлігінде жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с, түнде кей жерлерде төменнен сырма соғады, сондай-ақ, түнде қар жауады, 0-5.
Жамбыл облысында қар жауады, ертеңгісін және күндіз тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +8+13.
Қызылорда, Павлодарда, күндіз Алматы, Түркістан облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, күндіз 15-22 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +5+10, 0-5, +10+15, +12+17.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде – тұман, жауын-шашынды,  +9+14.
Атырау облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, көктайғақ,  +4+9.
Батыс Қазақстан өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Ақтөбе өңірінде түнде аздаған жауын-шашынды, +2+7, -1+4.
Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі өзендерде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін, республиканың қалған өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: