Сәрсенбі күні Ақмола және Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:24, 12-11-2019.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Ақмола және Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 13 қарашада күннің екінші жартысында, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«13 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: