Сәрсенбі күні Астана мен Ақмола облыстарында бұрқасын мен қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Астана мен Ақмола облыстарында бұрқасын мен қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«19 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, Астана қаласында 19 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі, таңертен және күндіз онтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

adimage