Сәрсенбі күні Атырау және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Атырау және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ.: 11 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«11 желтоқсанда Ақтөбе облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығысыңда жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 11 желтоқсанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - деді синоптиктер.

adimage