Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың батыс бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді, соған байланысты жаңбыр және қар жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың жауын-шашын түседі, оңтүстігінде жаңбыр жауады, оңтүстігіндегі таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Тек батысында, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстан бойынша тұман түседі, жел тұрады, солтүстік-батысында, солтүстігінде - көктайғақ», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0, күндіз +4+6.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +3+5 және күндіз +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік –батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +14+16.
Ақмола облысында күндіз батысында қар аралас жаңбыр жауады,түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +12+17 (солтүстігніде +8), түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен батысында тұман түседі. Күндіз -1+4, түнде -2-7.
Атырау облысында күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнде батысы мен оңтүстігніде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі, түнде батысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +5+10 (солтүстік-шығысында +2), түнде 0+5 (солтүстік-шығысында -3).
Ақтөбе облысында солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Қостанай облысында күндіз барлық аумағында, түнде батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0,+5 (оңтүстігінде +8), түнде -3+2.
Солтүстік Қзақастан облысында күндіз оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде 0,-5.
Павлодар облысында түнде оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде 0,-5.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Ұлытау облысында күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз +2+7 (солтүстігі мен шығысында -3), түнде -3-8 (солтүстігі мен шығысында -12-17).
Абай облысында шығысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +12), түнде 0-5 (шығысында -9).
Қызылорда облысында күндіз батысында, шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады, түнде шығысында тұман түседі. Күндіз +5+10 (батысында +2), түнде +1+6.
Жамбыл облысында күндіз батысында жаңбыр жауады (тауларында қар аралас жаңбыр жауады), түнде оңтүстігніде тауларында тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage