Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, республиканың оңтүстігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай аздаған жауын-шашынды. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +5+7.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, 4-15 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде 0-2.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз және түнде -1+4.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қызылорда облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз -4+1, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -8-13.
Қарағанды облысында да кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында да кей жерлерде бұрқасын сғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -10-15.
Атырау облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде –10-15.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-7, түнде -14-19.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-7, түнде -6-11.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады, 18 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -12-17.
Алматы облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі
