Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:28, 07-11-2018.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша белсенді фронталдық қызмет аймағында болады, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.   Кей жерлерде екпінді жел күтіледі, тұман, көктайғақ, солтүстігінде төменнен сырма соғады», - делінген синоптиктердің хабарында.  
Астанада бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашынды, кейде тұман түседі,  батыстан  9-14м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз 0 шамасында.  Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, 2-7 м/с жел тұрады, күндіз  +10+12.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, Ақмола облысында – кей жерлерде төменнен сырма соғады, сәйкесінше, -2+3, 0+5, -2+3, 0+5
Алматы, Түркістан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман, +8+13, +5+10.
Қарағанды, Павлодар облыстарында жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  -1+4, 0+5.
Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +7+12, +8+13, +5+10, +2+7. Қызылорда және Жамбыл облыстарында күндіз, Батыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашынды.
Атырау және Ақтөбе облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, +4+9, +2+7.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, солтүстіктегі, орталық пен шығыстағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы байқалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: