Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Астана қ.: 14 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. 14 тамызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 14 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
14 тамызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жабыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 14 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 14 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 тамызда күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 14 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда күндіз Абай облысының батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 14 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 14 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 14 тамызда батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14-15 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 14-15 тамызда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 14-15 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенші өрт қауіпі сақталады.
14 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 14 тамызда найзағай, күндіз дауыл күтілед. Оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
14 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 14 тамызда найзағай күтіледі.
14 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде тауларда, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15- 20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Шымкент қ.: 14 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 14 тамызда күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Оқу-ағарту министрі қабылдады
13 Қыркүйек 2024, 17:00 -
Қазақстанның ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым жасалғанын жоққа шығарды
13 Қыркүйек 2024, 16:51 -
Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді
13 Қыркүйек 2024, 16:40 -
Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды
13 Қыркүйек 2024, 16:26