Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі, күндіз дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, ол шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +19+21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде екпіні 10 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте жауын-шашынсыз, 3-9 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +15+17.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзаай, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз дауыл тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +4+9.
Павлодар облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +19+24, түнде +11+16.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +26+31, түнде +14+19.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +5+10.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +15+20.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған найзағай болады, күндіз де кей жерлерде жел күшейеді, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +4+9.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған найзағай, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +20+25.
Атырау облысында күндіз аздаған найзағай болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +17+22.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған найзағай, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34