Сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай кей жерлерде жауын-шашын күітледі, тек шығысы мен солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн күркірейді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде 0-2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады. Батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +7+9.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +7+9.
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +11+16, түнде +7+12.
Түркістан облысында жаңбыр күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Қостанай облысында жаңбыр күтіледі, тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Алматы облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +4+9.
Ақмола облысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +9+14, түнде -4+1.
Солтүстік Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -1-6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, түнде қар жаууы мүмкін. Күндіз +8+13 (оңтүстігінде +18), түнде -4+1 (оңтүстігінде +5).
Ақтөбе облысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын күтілмейді, түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Атырау облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +7+12.
Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +15+20, түнде +6+11.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -2-7.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде мұз жамылғысының әлсіреуі жалғасады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Жазықтықтағы көптеген өзендерде мұздың ары қарай еруі байқалады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage