Сәрсенбі күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 29 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Туркістан қ.: 29 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с», – делінген хабарда.
29 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 29 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.
29 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
29 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Орал қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қарашада Қызылорда облысының шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с.
29 қарашада Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 қарашада Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қарашада Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
29 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі.
29 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Қостанай қ.: 29 қарашада күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі.
29 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 29 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

adimage