Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
"Циклонның ықпалы және онымен байланысты фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипатын қалыптастырады: қар күтіледі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі (қар, жаңбыр), таулы аудандарында қалың қар жауады. Тек Қазақстанның батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша жел күшейеді, жаяу сырма соғады, тұман, көктайғақ", - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік- батыстан 3-8 м/с жел тұрады, күндіз 9-14, күннің екінші жартысында 15-18 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -7-9.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Шығыстан екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз +1+3.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +2+4.
Ақмола облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -13-18, күндіз -5-10.
Ұлытау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Түнде -15-20 және күндіз ауа температурасы – 5-10.
Қарағанды облысында күндіз батысы мен орталығында қар жауады. Түнде -12-17 және күндіз ауа температурасы -4-9.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13 және күндіз 0-5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -6-11, күндіз -4+1.
Маңғыстау облысында түнде және ертеңгісін батысында, оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -1-6, күндіз -2+3.
Ақтөбе облысында түнде оңтүсттігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -15-20, күндіз -5-10.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -14-19, күндіз -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз -3-8.
Павлодар облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -8-13, күндіз -4-9.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Түнде -11-16 және күндіз ауа температурасы -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде -18-23 және күндіз ауа температурасы -10-15.
Қызылорда облысында түнде және ертеңгісін солтүстігі мен орталығында қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Түркістан облысында батысында және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде -2-7.
Жамбыл облысында түнде оңтүстігінде тауларында қар жауады, күндіз оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Алматы облысында оңтүстігінде тауларында түнде қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -7-12.
Жетісу облысында күндіз тауларында қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -14-19.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады", - деп ескертті синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі
