Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 30 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Көкшетау қ: түнде және таңертең 30 қыркүйекте тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы – 85-90%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, шаңды боран, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%», - делінген хабарда.
30 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: түнде 30 қырқүйекте тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы – 70-75%.
«30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%», - деді синоптиктер.
30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17 м/с жел сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08