Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қар күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның барлық аумағы орталығы Мурманск түбінде орналасқан циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар жауады, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, кешкісін жел күшейеді 15-20 дейін, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз -2-4, түнде -5-7.
Алматыда көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -3-5.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және ертеңгісін жауын-шашынды (көбіне қар жауады), тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -2-4.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с дейін жетеді және одан асады, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Ақмола облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с және одан да артады, бұрқасындатады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан да жоғары, бұрқасындатады, кей жерлерде көктайғақ, тұман. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары, бұрқасындатады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз және түнде 0-5.
Жамбыл облысында ей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде -1-6.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -10-15.
Алматы облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Күндіз -2+3, түнде -4-9.
Атырау облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын тұрады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз және түнде -2+3.
«Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысындағы басым өзендерінде су деңгейі құбылады, мұз қату әлсірейді, соның салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26