Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қар жауады деп күтілуде

Күні: 09:11, 23-01-2019.

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз кейде қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз 0+2.
Шымкентте бұлтты. Ауа температурасы күндіз +4+6, түнде -4-6.
Қостанай облысында бұрқасын күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -5-10.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -4-9, түнде -12-17.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман, кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, төменнен сырма соғады. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -2+3, түнде -3-8.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз +2+7, түнде -1-6.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -15-20, түнде -20-25.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар күтіледі, кей жерлерде тұман. Күндіз -4-9, түнде -9-14.
Атырау облысында түнде кей жерлерде қар жауады. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -18-23.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы өзендерде мұз қату құбылысы және су деңгейінің құбылуы күшейеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: